Шетелдіктер Қазақстан арқылы өту үшін 10 мың долларға жалған төлқұжат жасатқан
Шетелдіктер Қазақстан арқылы өту үшін 10 мың долларға жалған төлқұжат жасатқан
287
оқылды
6 сәуірде Алматы әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Жүктерін тексеру кезінде олардың өз төлқұжаты табылған.
"Алдын ала деректер бойынша, олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжат 10 мың АҚШ доллары тұрады", - делінген хабарламада.
Жалған құжаттар тәркіленді. Қазір оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.