"Анасының айтуынша, мектепте бақылаусыз қалған бала калий перманганатының кристалдарын алып, белгісіз мөлшерде жеп қойған. Жедел жәрдем шақырылып, асқазанын жуғаннан кейін облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді", - дейді басқармада.
Оқушының жағдайы ауруханаға түскен кезде экзотоксикоз белгілеріне байланысты орташа ауыр болған. Анасы госпитализациядан бас тартып, амбулаторлық бақылауға жіберілген.
Еске сала кетейік, наурыз айында қала мектептерінің бірінде қараусыз қалған 1-сынып оқушысы шкафты ашып, сол жерде тұрған калий пермаганатын аузына салған.
Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы, яғни «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.