Тараздағы дәмханада бірнеше адамды атып қашқан күдікті ұсталды
Тараздағы дәмханада бірнеше адамды атып қашқан күдікті ұсталды
275
оқылды
Тараздағы дәмхананың бірінде адамдарға оқ жаудырған күдікті қолға түсті. Тапаншамен екі азаматты жаралап, оқиға орнынан із суытқан еді. Халықаралық іздеуде жүрген қаскөй бір айдан кейін Алматыда қолға түсіп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы 36 жастағы күдіктіге қатысты қылмысқа оқталу және адам өлтіру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Енді оның кінәсі дәлелденсе, 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Ал күдіктімен бірге болғандар жайында әзірге ақпарат жоқ. 25 ақпан күні қаладағы кафелердің бірінде белгісіз топтар арасында дау туып, сондағы біреуі қарсыластарын атқан. Екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Ел арасында «оның біреуі қаза тапты» деген қауесет тарады. Алайда кейін полицейлер бұл деректі теріске шығарды.
"Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазір ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұқтарқұлова.