Қазақстанда кәсіп ашқан ресейлік кәсіпкер Александр Орлов көпшіліктен кешірім сұрады
Қазақстанда кәсіп ашқан ресейлік кәсіпкер Александр Орлов көпшіліктен кешірім сұрады
Фото: rb.ru
248
оқылды
Ол бұған дейін Telegram арнасында  «Орта Азияда білікті кадр тапшы, білікті маман табу қиын. Сол үшін бұл жақта кәсіп бастайтындар бастапқыда мамандарды басқа елден әкеліңдер. Мен кәсіп бастағанда Қазақстанға адам әкелу қиын еді. Қазір әлдеқайда оңай», – деп жазған болатын. Александр Орловтың осы жазбасы елдің ашуына тиді. Іле-шала кәсіпкер «Қазақстан - көпұлтты ел. Мен ешкімге зиян келтіргім келмеді» деп кешірім сұрап ақталды.
«Қазақстанда бизнес жасап, инвестиция саламын. 2012 жылдан бастап Қазақстан азаматтарына 750-ден астам жұмыс орны берілді. Жыл соңына дейін тағы да 150 орын беруді жоспарлап отырмыз. Сөздің емес, істің адамымын. Қазақстан – көпұлтты ел, мен ешкімге зиян келтіргім келмеді. Егер біреуді ренжітсем, кешіріңіз», – деп жазды.
Бұған дейін Құранға тіл тигізген әйел мұсылмандардан кешірім сұрағанын жазған болатынбыз.