Қаңтар оқиғасына 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысты - Бас прокуратура
Қаңтар оқиғасына 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысты - Бас прокуратура
655
оқылды
Елордада өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ ресми мәлімдеме жасады. Бас прокуратураның 1 Қызмет бастығының орынбасары Қилымжанов Елдос Тоқтасынұлы қаңтар оқиғасына қатысты жүріп жатқан тергеу жұмыстарының нәтижелерін жариялады. Арнайы прокурорлар 12 ұйымдасқан қылмыстық топты анықтаған. Олардың ішінде ең белсенділері: - Дикий Арман ұйымдасқан тобы; - «Қазақстандықтар»; - «Айшуақ-Жантүгел».
«Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі, оның ішінде 4 «қылмыс авторитеттері» қамауға алынды. 547 адам қанды қаңтардағы оқиғаларға күдікті деп танылып, олардың 269-ы қамауда», – деп мәлімдеді Елдос Қилымжанов.