Данияр Тиесов «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы ақпарат «Самұрық-Қазына» қорының реформалары мен кадр саясатына арналған брифингте айтылды.
«Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Данияр Тиесовтың шешімі туралы айтты.
«Иә, шынымен де, Тиесов мырза қызметінен өз еркімен кетті», – деп растады Ауғанов.