Павлодарда жасөспірім қараусыз қалған ғимараттан құлады
Павлодарда жасөспірім қараусыз қалған ғимараттан құлады
©zakon.kz
418
оқылды
Павлодар облысы Қалқаман ауылында 14 жастағы жасөспірім он метрдей биіктен құлап түсті. Қазір  бала отоларингологиялық бөлімшеге жатқызылды.
Науқас «бас миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы, ығысумен төменгі жақ сүйегінің сынуы, оң жақтағы параорбитальды гематома» диагнозымен түсті. Сонымен қатар жасөспірімде сол жақ радиустың жабық эпифизиолизі бар. Дененің және аяқ-қолдың көгеруі мен сыдырылуы да бар, - деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлер науқасқа бірнеше ота жасауды жоспарлап отыр. Олардың айтуынша, бүгінде баланың жағдайы ауыр. Ол қажетті ем алып жатыр. Хирургиялық емдеу бірнеше кезеңде жоспарланған. Оқиға 9 сәуір күні кешке Қалқаман ауылындағы қараусыз қалған ғимараттың аумағында болған. 2008 жылы туған кәмелетке толмаған бала он метрдей биіктен құлап, бірнеше дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.