Қостанайда полицейлер пышақ ұстаған ер адамды ұстады. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. Қазір ол айықтырғышта.
10 сәуірде кешке "102" шұғыл байланыс желісіне әл-Фараби көшесіндегі үйдің ауласында пышақ ұстаған жас жігіт жүргені туралы бірнеше хабарлама түскен.
Ер адам 440-бап, яғни "Алкогольдік ішімдік тұтыну немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ ер адамның психоневрологиялық диспансерде тіркелген-тіркелмегені анықталады.