Синоптиктер 14 өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер 14 өңірде ескерту жариялады
433
оқылды
Синоптиктер 12 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алматы облысының түнде батысында және оңтүстігінде, күндіз шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және шығысында екпіні 18-23 м/с құрайды. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман болжанады. Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан қаласында түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің батысында, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында 12-13 сәуірде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 12 сәуірде 23 м/с артады. Түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде өңірдің орталығында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с артады. Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай болжанады. Шығыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Павлодар облысының орталығында жел соғады, екпіні 15-20 м/с артатыны күтіледі. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 25 м/с артуы ықтимал. Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады. Кей уақытта екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз 12 сәуірде, түнде 13, 14 сәуірде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 12-14 сәуірде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай болжанады. 12 сәуірде желдің екпіні 25 м/с артатыны күтіледі.