Құттықтау жеделхатын жолдады
Құттықтау жеделхатын жолдады
425
оқылды
Еуро-Азиялық Еврей конгресінің Пре­зиденті Михаил Мирилашвили Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады. Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаған Михаил Мирилашвили екі елдің ара­сындағы дипломатиялық қарым-қатынастың берік­тігін атап айтты. Осыдан 30 жыл бұрын қос ел жаңа дәуірге бірге қадам басқан еді. Содан бері Қазақстан мен Израиль сенімді серікке айналды. – Екі елдің сыйластығы мыңдаған жылдан бері Ұлы Жібек жолы бойымен жалғасып келе жатыр. Қазақ халқы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еврей ұлтын құшақ жая қабылдады. Біз қазақ­стан­дықтардың бұл жақсылығын ұмытпаймыз! Жүздеген жыл бойы қазақ жері еврейлерге пана болды. Әлі де жергілікті еврей халқы Қазақстанның дамуына үлес қоса береді, – делінген құттықтаухатта. Сондай-ақ Михаил Мирилашвили Еуро-Азия­лық Еврей көшбасшыларының қоғамдық дип­ломатия саласында біріге жұмыс істейтініне қуа­нышты екенін жеткізді. Болашақта Қазақстан мен Израильдің экономикалық, ғылыми және мәдени байланыстарының нығая түсетініне сенім білдірді.