Экологияға қатысты талаптар ескеріледі
Экологияға қатысты талаптар ескеріледі
221
оқылды
«AMANAT» партиясы Ал­маты қалалық филиалының жанын­дағы Қоғамдық эко­ло­гиялық кеңестің экологиялық бекеттер мәселесі жөніндегі жұ­мыс тобымен бірлескен оты­рысы өтті. Жиынға Пар­ла­мент Мәжілісінің депутаттары, орталық мем­ле­кеттік орган­дар­дың, Полиция департа­мен­тінің, Экология де­пар­т­а­ментінің, қалалық прокурату­раның, Жасыл эконо­ми­ка бас­­қармасының және басқа да мемлекеттік орган­дар­дың өкіл­дері, сарапшылар мен қо­ғамдық белсенділер қа­тысты. Отырыста экологиялық бекет­тердің тиімді жұмыс істеуі бойынша қолданыстағы нормативтік-құ­қықтық актілерге өзгерістер енгізу, автокөлікті техникалық байқау және жеке сервистік компания­лар­дың қызметін реттейтін нор­матив­тер туралы мәселелер тал­қыланды.⠀ Жиын барысында кеңес мү­шесі, KazEcoPotrol ҚҚ негізін қа­­­лаушы Тимур Елеусізов қатысу­шы­ларды «Таза ауа» акциясы ая­сында өткен тексеріс жұмыстары­ның қоры­тын­дысымен таныс­тыр­ды. Эко­бел­сенді Елена Ерза­кович авто­кө­ліктердің эко­сана­тын сәй­кестендіру қажет­тілігі ту­­­ра­лы, со­ның ішінде эко­жоба­лар­­ды бел­сенді қол­дайтын ЕҚҚДБ (ЕБРР) және Азия Даму бан­кімен ын­тымақ­тас­тық ор­нату туралы мәселе көтерді.⠀ «За рулем» журналының са­рап­шысы, қоғам белсендісі Андрей Тимофеев «Қазақстандағы техни­калық байқауды кезең-ке­зеңі­мен жаңғырту бағдар­ла­масы­ның» жо­басын ұсынды және қол­да­ныс­тағы нормативтік-құқықтық акті­лерге өзгерістер енгізу туралы бір­­қатар ұсынысын айтты.⠀ Отырысқа қатысушылар атал­ған ұсыныстарды талқылап, мұнда айтылған талап-тілектердің бар­лығы Парламент Мәжілісінің тиіс­ті комитеттеріне және уәкілетті орталық мемлекеттік органдарға жеткізілетін болды.