«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің саны 2 есеге қысқарды. Бұл туралы мекеменің қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі директоры Ғибрат Ауғанов мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін компанияда бірқатар шара қолға алынды. Ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Штат 2 есеге қысқартылып, қызметкерлердің саны азайды. Басқару лауазымы да екі есеге дейін қысқарды. Сонымен қатар компаниядағы кеңесшілер институты мен қордың шетелдегі өкілдіктері жабылды», – деді Ғибрат Ауғанов онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ акционерлік қоғам мейлінше ашықтық принципін ұстанатын сатып алудың жаңа ережесін енгізген. Жыл басынан бері өндірістік қызметкерлердің жалақысы артты.