Қапшағайдағы жас жұбайлардың өліміне қатысты Полиция департаментінің өкілі пікір білдірді
Қапшағайдағы жас жұбайлардың өліміне қатысты Полиция департаментінің өкілі пікір білдірді
Фото: видеодан алынған кадр
235
оқылды
Қапшағайда ерлі-зайыптының денесі электр бағанасына асылған күйі табылған, – деп хабарлайды КТК арнасы. Отбасылық жанжал өлімге итермелуі мүмкін. Алматы облысында өзіне қол салған ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты тұрғындар түрлі болжам айтады. Екеуінің мәйіті жоғарғы вольтті электр бағанасына асылған күйі табылған. Мәйіттерді сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындар көріп полиция шақыртқан. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, ерлі-зайыптылардың денесінде зорлық-зомбылық белгісі табылмаған. Көз жұмған жігіт – 22, қыз 18 жаста екен. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.
Алматы облысы ПД ресми өкілі Әбілтай Әбенов: «Ерлі-зайыптының өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша ҚР ҚК 105-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу Қапшағай қаласының полициясында жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы анықталып жатыр», – деді.