«Бағила Досмайылова Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша жәбірленуші деп танылған. 10 сәуірде ол өзінің Instagram парақшасында өліміне мені кінәлі деп санауды өтініп, жазба жариялады. Өйткені оның айтуынша, мен «істі жабуға асығып отыр екенмін». Аталған қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікке ілінген, оның екеуіне халықаралық іздеу жарияланды», – деді Рустам Әбдірахманов.
Алты күдікті қамауда отыр, үшеуі кепілмен босатылған, тағы екеуі үйқамаққа алынған. Біреуі ешқайда кетпейтіні туралы қолхат берген. Қылмыстық процеске қатысты 14 адамға Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлімі бойынша айып тағылған.
«Таяу арада процеске қатысушылар қылмыстық іспен танысып болған соң іс сотқа жіберіледі. Келген материалдық шығынды өндіру мәселесін сот қарап шешеді. Өз атымнан ол кісінің тезірек жазылып кетуіне тілектеспін. Өмірде қиын жағдайға тап болған кез келген адам эмоциялық күйзеліске ұшырайтыны белгілі», – дейді Рустам Әбдірахманов.
*Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар барын ескертеміз!
https://youtu.be/Wjw5ZL6JDNI