Конституциялық сот әділ төрелік инстанциясы болмақ
Конституциялық сот әділ төрелік инстанциясы болмақ
609
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айындағы халыққа Жолдауында жоғарғы инс­титуционалдық ұйым саналатын Конс­титу­циялық кеңестің жұмысын тілге тиек ете оты­рып, оның жабық мекемеге айналғанын атап өтті. Сондықтан да оның жұмысын жан­дан­­дыра түсу үшін ол елімізде бұрын болған жоғарғы төрелік тәжірибесіне қайта оралуға шақырды. Ендеше Жаңа Қазақстанда Конс­титуциялық Соттың орны қандай болмақ? Сарап­­шылар пікір білдірді. Марат Марат БӘШІМОВ, құқықтанушы, Еуропалық құқық  және адам құқы сарапшылық  институтының директоры: – Көп ұзамай жаңа Консти­туциялық Сот өмірге келмек. Қазірдің өзінде бұл ұйымның өкілеттігі бойынша халықара­лық тәжірибелер аясында жаңа конституциялық құқықтық қа­­ты­настар қалыптасып келеді, осынау конституция­лық қадағалау органы­ның орны мен рөлі айқындалуда, ғалымдар мен мемлекеттік орган өкілдерінің көпте­ген тірнекті талқылаулары өтіп жатыр. Конституция – «Жаңа Қазақстанның» темір­қа­зығы. Ал Конституциялық Соттың құрылуы азамат­тар­дың конституциялық құқығын қорғаудың нәтиже­лілігін күшейте түсіп, сенімін оятпақ. Осылайша, біз­дің өмірімізде көп нәрсе жақсы жағына қарай өз­гермек, әсіресе әділетсіздік пен проб­лема өте көп кез­­десетін құқық саласы жақ­сара түспек. Консти­ту­циялық Сот келесідей тұстарда: яки нормалардың маз­­мұны бойынша, нормативтік-құқықтық актінің нысаны бойынша, мемлекеттік органдар мен лауа­зымды тұлғалардың ара­сындағы құзыреттіліктерді бөлу тұрғысы­нан және нормативтік-құқықтық актіні қабылдау, қол қою, сондай-ақ оның ресми жариялануы мен қолданысқа енгізілу тәртібі бойынша заңның Конституциямен теориялық тұрғыдағы сәйкестігін айқын­дайды. Шындығында да, құқықтық нормалар қатардағы азаматтардан бастап құқықты қолданушы мамандарға дейін түсінікті де қарапайым тілде, екіұшты мағынада ада түрде жазылуы тиіс. Осы реттен келгенде Конс­ти­туциялық Сот құқықтық жүйені үйлесімді ете тү­серіне сенім мол. Сондық­тан да Президенттің бұл идея­сы тек қана қолдауға лайық. Алмас Алмас ЖҰМАҒАЛИ, заңгер, заң ғылымдарыныңкандидаты, Сулейман Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы: – Еліміздің құқықтық жүйе­­сін жетіл­діру мәселесіне келгенде өзгерістерді ал­дымен Ата Заңнан бастау керек. Тіпті, саяси реформаның түбегейлі­гін таныту үшін жаңа Конституция қабылдау қажет. Президенттің 16 нау­рыздағы «Жаңа Қа­зақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жол­дауында айтқан шешімдері мен бастамасы өте дұрыс. Бірақ сөз күйінде қалмай, жұ­мыс тобы тез арада өзгерістерді Конститу­циялық заңдардан бастап енгізуі керек. Конституциялық Соттың қайта қалыпқа келуі өте дұрыс. Мемлекеттік билік меха­низмінде Конституциялық Сотты құру биліктің бө­ліну прин­ципіне, конс­титуциялық процес­тің үздіксіздігі мен қай­тымсыздығына, мемлекеттік органдар­дың қоғам мен халық алдындағы жауапкер­шілік алатынына кепілдік береді. Сондай-ақ азаматтар мен басқа да құқық субъек­тілерін құқықтары бұзылған жағдайда ті­келей қорғауға мүмкіндік туғызады. Мә­селен, айталық, 1992 жылғы Конституция­лық Сот жұмыс істеп тұрған кезінде Ата Заң­ның барлық нор­малары тікелей жұмыс істейтін. Ал ол орган жабылып қалған 1995 жылдың тамыз айынан бері Конститу­цияның баптарында айтылған дүниелер одан кейінгі заңнама­ларда келтірілетін екіұшты тыйымдармен шектелді. Қазірге дейін солай жалғасып келеді. Тек кейінгі екі жылда бұл ахуал аз ғана жібіп, азамат­тарға өз пікірін білдіруге рұқсат етілді. Мә­селен, митингіге немесе шеруге шығу рұқ­сат алу сипатынан хабар­лау сипатына өткізілетіні мәлім етілді. Толықтай жүзеге асып кете қоймаса да, бұл өзгерістердің басы болды. Енді Конс­титу­циялық Сот құрылар болса, ол әділ тө­релік инс­тан­сасына айналып, елімізде демо­кра­тия­лық құн­дылықтар жандана түспек.