«14 есе көбейді» – Қазақстаннан ЖСН алған ресейліктердің саны белгілі болды
«14 есе көбейді» – Қазақстаннан ЖСН алған ресейліктердің саны белгілі болды
©коллаж Aikyn.kz
361
оқылды
Биыл наурыз айында Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін алған (ЖСН – ред.) ресейліктердің саны былтырмен салыстырғанда 14 есе көбейді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр Ресейдің 14 717 азаматы ЖСН алған. Биыл небәрі үш айда 12 840 ресейлікке ЖСН берілген.
Қазақстанда тіркелген ресейліктер саны наурызда күрт көбейді. Бір айда 10 995 Ресей азаматы ЖСН алған. Ал былтыр наурызда 783 адам алған, салыстырмалы түрде 14 есе көп.
Украина азаматтарына қатысты айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Былтыр Қазақстанда 1 087 украиналық ЖСН алды. Биыл қаңтарда – 42, ақпанда – 80, наурызда 198 адам Қазақстан ЖСН-ін алды. Шетелдіктерге Қазақстан ЖСН-і банктен шот ашқанда, Қазақстаннан табыс тапқанда, автокөлік сатып алатын болса қажет.