Кеше астанада Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында қаржы пирамидасына ақша салып, опық жеген әйел өз-өзін өртеді.
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, денесін күйік шалған әйелдің жағдайы ауыр.
«1990 жылы туған әйел денесін күйік шалған. Оны жедел жәрдем №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Шокқа қарсы палатаға жатқызылып, оны комбустиолог, реаниматолог, токсиколог, терапевт мамандар қарап шықты. Науқастың жарақатының ауырлығын ескеріп, жансақтау бөліміне жатқызды», – деді дәрігерлер.