Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Қазақстаннан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерін автокөлікпен әкетуге салынған тыйым мерзімі тағы 6 айға ұзарады.
«Энергетика, Қаржы министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығы бар. Сондықтан бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің басқа да жекелеген түрлерін автомобильмен елден тыс жерге әкетуге тыйым салынды. Оны мерзімін тағы 6 айға ұзарту туралы мәселе пысықталып жатыр», – деді Болат Ақшолақов.Осыған дейін Ауыл шаруашылығы министрі «Өңірлерге арзан жанармай жөнелтіп жатырмыз» деген болатын.