«Бірге бизнес ашамыз» – алаяққа алданған әйел 5 миллион теңгесінен айырылды
«Бірге бизнес ашамыз» – алаяққа алданған әйел 5 миллион теңгесінен айырылды
Фото: mail.kz
952
оқылды
Түркістан облысында танысын алдап, 5 миллион теңге алған алаяқ ұсталды, – деп жазады polisia.kz. Полиция арызданған жәбірленуші әйелдің айтуынша, биыл қаңтар айында жақын танысы «бірге жеке бизнес ашамыз» деп 5 миллион теңге несие алдырған. Алайда танысы ақша алғаннан кейін уәдесін орындамай, ақшаны да қайтармай әуреге салған. ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс тіркелді. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Күдікті ер адам Кентау қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол 5 миллион теңгені өз пайдасына жаратып жіберген.