Қазақстанда кейінгі екі жылда республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру шамамен екі есе өсті. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.
«Қазақстанда соңғы екі жылда республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру шамамен 2 есе өсті (2022 жылы шамамен 84 млрд теңге). Оның үстіне мемлекеттік қаржыны ғылыми жобаларға бөлу құзыреті ғалымдардың өздеріне берілген. Қазіргі кезде қазақстандық ғалымдардың ғылыми жұмысы көбейіп келеді. Олардың зерттеу еңбектері елімізбен қатар, шет мемлекеттерде де лайықты бағаланып отыр», – деді Әлихан Смайылов.
Біз бұған дейін ғылымның дамуына кедергі көп екенін жазған болатынбыз.