Биыл Алматы облысында Күрті-Бурылбайтал, Күрті-Қапшағай, Үшарал-Достық және Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға беріледі.
«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, Күрті-Бурылбайтал аралығындағы 143 шақырым жолдың құрылысы биыл аяқталады.
Күрті-Қапшағай (67 шақырым) жобасының бір бағыттағы қозғалысын ашу жоспарда бар.
Үшарал-Достық (180 шақырым) тас жолы да пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар ұзындығы 6 шақырымға созылып жатқан Шамалған станциясының айналма жолының да құрылысы жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Шамалғандағы жолайрық құрылысы мерзімінен кешіккен себебін жазған болатынбыз.