Головкин жанкүйерлеріне алғыс айтты
Головкин жанкүйерлеріне алғыс айтты
©prosports.kz
202
оқылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Спортшы Instagram парақшасына видео жариялады. – Бұл – естен кетпес ерекше сапар болды. Жапонияға, қонақжай жапон халқына, олардың бізге танытқан ыстық ықыласына алғысым ерекше. Күншығыс еліне тағы да ораламын деп ойлаймын. Барлық жанкүйерлеріме шексіз ризашылығымды білдіремін. Көріскенше!– дейді Геннадий Головкин. Видеодан GGG-дің Муратамен жекпе-жекке дайындалып жатқанын көруге болады. 9 сәуірде Головкин Риота Муратаны тоғызыншы раундта нокаутқа түсіріп, үш титул үшін жекпе-жекте жеңіске жетті. Ол IBF және IBO титулдарын қорғап, орта салмақтағы WBA Super белбеуін жеңіп алды.