Алматы ішіндегі әскери техникалардың қозғалысына қатысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.
Ведомствоның мәліметінше, бұл Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық іс-шаралардың өтуімен байланысты. Министрлік қазіргі уақытта Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының аумағында «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатқанын атап өтті.
Осыған байланысты сәуір айы бойында еліміз бойынша қарулы күштер мен құралдардың қозғалысы орын алатыны ескертіледі.