Қаржы пирамидасын құрып, ақша жинаған қанша адам жауапқа тартылды?
Қаржы пирамидасын құрып, ақша жинаған қанша адам жауапқа тартылды?
Фото: news.myseldon.com
252
оқылды
Қазақстанда кейінгі жылдары қаржы пирамидасына қаржы салып, жиған-терген қаражатынан айырылып қалған жәбірленушілер көбейді. ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, қаржы пирамидасын ұйымдастырған 138 адам жауапқа тартылды.
"Жәбірленушілердің шағымынан соң қаржы пирамидаларының сайтын бұғаттау, ұйымдастырушыларды анықтау нәтижесінде 180-нен астам «компанияның» қызметі тоқтатылды. 138 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Олардың 50-і сотталды. Қалғанына қатысты тергеу әлі де жүргізіліп жатыр», – деді Санжар Әділов.
Mudarabah Capital қаржы пирамидасының салымшысы Бағила Досмайылова астанада Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өз-өзін өртеп жібергенін жазған болатынбыз.