Өскемен дәрігерлері салмағы 750 грамм шала туған нәрестені аман алып қалды. Олар шақалақты аман алып қалу үшін бірнеше ай күрескен.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысының айтуынша, Мұстафа 2021 жылы 16 желтоқсанда жүктіліктің 25-аптасында дүниеге келген. Туғанда нәрестенің салмағы 750 грамнан сәл асқан.
– Бес ай бойы оның өмірі үшін күрестік. Ал бала нағыз жауынгер, бізге көмектесті. Қазір сәбиіміздің салмағы үш келіден асады, – деді емдеуші дәрігер, неонатолог Жанна Мұқанова.
Мұстафа – отбасындағы бесінші бала.