Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарымның төрағалығымен «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын жаңғырту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Жұмыс тобының басты мақсаты – партияның негізгі қағидаттарын сақтай отырып, қоғамдағы жаңа құндылықтарды айқындап, құжаттың мазмұнын жаңарту болып табылады.
Отырысқа қатысушылар платформаны жаңарту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, негізгі партиялық құжаттарды әзірлеу және қабылдау, азаматтардың түрлі санаттарының мүдделерін ескеру бойынша партиялар қызметіндегі халықаралық тәжірибені зерделеу. Азаматтардың пікірлерін жинақтау үшін топ мүшелерінің өңірлерге көшпелі кездесулері жоспарланған.
Жұмыс тобы азаматтарды осы жұмысқа белсенді қатысуға және партияның стратегиялық құжатының мазмұнын жаңарту бойынша өз ұсыныстарын жіберуге шақырады.