Ел ішінде партияның рөлі күшеюде
Ел ішінде партияның рөлі күшеюде
344
оқылды
Бүгін «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары кездесіп, семинар-жиналысы өтті. Семинардың негізіне партиялық жобалар бойынша түсіндіру жұмысы, «Халыққа көмек» партиялық жобасын іске асыру аясында көшпелі қоғамдық қабылдаулардың жұмысы, нысаналы трансферттерді пайдалану тетігін түсіндіру, әлеуметтік желілердегі жұмыс пен БПҰ-ғы жастар кеңесінің жұмысы кірді. Облыстық филиал бөлімдерінің мамандары әр тақырып бойынша таныстырылып, БПҰ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.  width= Партиялық жарнаның 20 пайызы іс-шараларды ұйымдастыру және өзекті мәселелерді шешуге ай сайын бастауыш партия ұйымдарына қайтарылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "AMANAT" партиясының съезінде айтқан болатын. «Менің ойымша, бұл семинар халықпен ауқымды жұмыс істеуге мүмкіндік береді. "AMANAT" партиясының рөлін күшейтуге, әрбір партия мүшесі қаланың, ауданның тыныс-тіршілігіне қатысып, саяси ахуалға ықпал етеді. Қаңтар оқиғасы барлық өзгерістерді талдау, жергілікті жерлердегі жұмысты жандандыру қажеттігін көрсетті. Депутаттар азаматтарды қабылдау жүргізілетін ірі кәсіпорындарда партияның 7 қабылдау бөлмесі ашылды»,- деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко. Ірі бастауыш партия ұйымдарының өкілдері осындай іс-шаралардың жиі өткізілсе деген ниеттерін білдірді. «Бүгін бізге карточкалар табысталды. Мүмкіндіктеріміз БПҰ-ның өз кәсіпорны ауқымында партияластармен жұмысын жақсарту үшін ұлғаюда. Іс-шаралар өткізуге, партиялық жобаларға қатысуға мүмкіндік болады»,- Екібастұз ГРЭС-1 БПҰ төрағасы Серік Серьянов. AMANAT партиясының облыстық жастар қанатының төрайымы Санира Жүсіпова өз сөзінде ірі кәсіпорындарда және бастауыш партия ұйымдарында  «Жас Отанның» бөлімдерімен қатар білім орталыктарын ашу ұсынылды. Бүгінде бастауыш партия ұйымдары партияның іргетасына, басты күшіне айналды. Ел Президенті «AMANAT» партиясын жаңғырту тапсырмасына сәйкес, бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру бағдарламасы даярланды. Кереку өңірінде 48000-ге жуық партия мүшесін біріктірген 219 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді алдағы уақытта одан әрі арттырады.