Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
243
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Республиканың біраз өңірінде тұман, батыста шаңды дауыл болады. Тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Елдің солтүстігінде күндіз ауа температурасы 13-18 градустан 20-25 градусқа дейін жылы болады, орталықта 17-22 градус жылы, оңтүстікте 20-25 градус жылы болады деп күтіліп отыр. Шығыста - 12-20 градус жылы болады", - делінген хабарламада.