Тоқаев Мағзұм Мырзағалиевті қызметінен босатты
Тоқаев Мағзұм Мырзағалиевті қызметінен босатты
Фото: sputnik.kz
269
оқылды
Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мағзұм Маратұлы 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген. Еңбек жолы: 2001-2004 жж. – Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде MIDrillingFluidsInternational (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер. 2004-2007 жж. – MIDrillingFluidsInternational Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы. 2007-2010 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2010-2012 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2010-2013 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары. 2013-2014 жж. – ҚР Мұнай газ вице-министрі. 2014-2019 жж. – ҚР Энергетика вице-министрі. 2019-2021 жж. – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі. 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болды. 2022 жылдың қаңтарынан бері Президент кеңесшісі қызметін атқарды.