Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыз қалған 36,2 мың адам жәрдемақы алады.
Биыл 26,4 мың адамға алғаш рет жәрдемақы тағайындалды.
Жұмыстан босатылған қызметкер МӘМС-ке қаржы аударған болса, соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Жәрдемақы жоғалған табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді.
Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:
– eGov.kz порталда авторизациялану;
– «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
– онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу қажет;
– бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
– егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі.
Бұл қызметті онлайн режимінде электронды еңбек биржасы арқылы да алуға болады.