Алматыға бағыт алған ұшаққа жарылғыш зат қойылғаны хабарланды
Алматыға бағыт алған ұшаққа жарылғыш зат қойылғаны хабарланды
©Nikolaiko27
298
оқылды
Алматы әуежайының электронды поштасына Минскіден Алматыға ұшқан Belavia әуе компаниясына тиесілі ұшақтың бортында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, бортта 171 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Беларусь астанасынан шыққан ұшақ 3:59-да Алматы халықаралық әуежайына аман-есен қонды. «Аталған ұшаққа жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпаратты негізге ала отырып төтенше жағдай жоспарына сәйкес кешенді тексеру жүргізілді. Қуанышқа қарай, әуе кемесіне мина қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Қазіргі уақытта арнайы құқық қорғау орындары жалған хабарламаны кім таратқанын анықтаумен айналысуда. Тың ақпараттарды алдағы уақытта қосымша хабарлайтын боламыз», – деді Алматы әуежайының баспасөз қызметі