Досының BMW көлігін сатып жіберген ер адам ұсталды
Досының BMW көлігін сатып жіберген ер адам ұсталды
Фото: ren.tv
182
оқылды
Түркістан облысы Сайрам ауданында досының қымбат көлігін заңсыз сатып жіберген ер адам ұсталды, – деп жазады polisia.kz. Сайрам АПБ-ға арызданған ер адам досы сеніміне кіріп, құны 10 миллион теңге тұратын BMW көлігін уақытша пайдалануға сұрағанын айтқан. Бірақ бір айға дейін көлігін қайтармай, алдап жүрген. Полицейлер күдіктіні ұстап, жәбірленушінің көлігін алаяқтық жолмен басқа адамға 12 миллион теңгеге сатып жібергенін анықтады. Көліктің қаражатын бас пайдасына жаратып жіберген. Істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.