«Аралары суық сияқты» - Қайрат Нұртас әйелін қалай құттықтады?
«Аралары суық сияқты» - Қайрат Нұртас әйелін қалай құттықтады?
1,924
оқылды
Бүгін белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың туған күні. Ол өзінің 34 жасын жалғыз қарсы алды. Instagram-дағы парақшасына туған күнін жалғыз қарсы алып жатқан видеосын жүктеген. Ал жарының жеке мерекесіне лебізін Қайрат Нұртас желі арқылы жеткізген.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Әнші сүйікті жарын құттықтау жазбасына Жұлдыз бен балаларының суретін ғана салған. Содан соң «Бүгін балаларымның анасы Жұлдыздың туған күні. Алла екі дүниенің бақытын, байлығын, абыройын нәсіп етсін! Балаларымыздың жеткен жетістігін, қуанышын бірге көруді жазсын», – деп тілегін арнаған.    width= Әншінің оқырмандары бұл құттықтауға риза емес кейіп танытыпты. «Жан жарым, сұлуым, ханшайымым деп жазсаңыз да артық болмас еді», «Өзі блокта сияқты, жан жарын белгілемепті», «Ең болмаса, Жұлдызымның деп жазбайсың ба?», «Олай жазуға көкірегі жібермей жатыр-ау немесе тек балалардың анасы ретінде ғана қабылдайды» деген пікірлер қалдырған. «Неге сүйіктім деген жоқсыз», «Аралары суық сияқты», «Бірге емес сияқтысыңдар ғой», «Енді ақылға келіп жатыр екен Қайрат» деген пікірлер де бар. Айта кетейік, мұның алдында ғана Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желі арқылы келініне ақ тілегін арнаған болатын. Ал үш күн бұрын өзінің туған күнін тойлаған еді. Енесінің туған күніне Жұлдыз Әбдікәрімова ашық-шашық киініп барамын деп сынның астына қалды.