Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 16 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 күшейеді.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, тұман болжанады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз шығыста екпіні 15-20 м/с артады.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында найзағай күтіледі.
Түнде және тәңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с жетеді.