Нұр-Сұлтан Полиция департаменті өкілі бұрынғы әйелін ұрған 25 жастағы ер адам ұсталғанын мәлімдеді.
"Полицияға елорда тұрғыны бұрынғы күйеуі ұрып-соққанын айтты. Полицейлер тәртіп бұзған адамды ұстап, Есіл ауданы Полиция басқармасының уақытша ұстау камерасына қамады. 25 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Полиция соңғы шешімді мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қабылдайтынын атап өтті.