Сәресіне ұйықтап қалғанда не істеу керек?
Сәресіне ұйықтап қалғанда не істеу керек?
545
оқылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянып, бірер нәрсе жеп-ішіп, оразаны ниет етемін десе, ниеті де, сол күні ұстайтын оразасы да дұрыс болмайтынын айтты. Басқарма өкілдерінің айтуынша, Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянғанда оразаны бұзатын, яғни жеп-ішу, жыныстық қатынас секілді істерді тоқтатып, осы күннің оразасын тұтуды ниет етуі керек. Тіпті түске дейін ниет етуге болады. Бұл туралы ҚМДБ-ның ресми сайтында жазылды.
"Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған адам оянғанда оразаны бұзатын, яғни жеп-ішу, жыныстық қатынас секілді істерді тоқтатып, осы күннің оразасын тұтуды ниет етеді. Тал түске дейін ниет етуге болады", – деп жазылған басқарма сайтында.