Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман - мемлекеттік аудитор жалпы сомасы 1 280 000 теңге болатын пара алғаны үшін ұсталды. Олар ақшаны тексеру кезінде алған.
Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
"Сонымен қатар, Қызылорда облысының "Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ басшысы осы тұлғаларға тексеру жүргізу бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 50 000 теңге сомасында пара бергені анықталды", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі өкілдері.
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.
"Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.