Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

72 жастағы қария 13 күнде Ұлытаудан Қызылордаға жаяу жетті

Назгүл Ержанқызы Назгүл Ержанқызы
Сәуір 15, 2022
қария

©www.inform.kz

2k
қаралым

Ұлытаулық  ақсақал Сәрсенбай Қотырашов 13 күнде Қызылордаға жетті. Марафонға қатысушыны Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Сыр елінің тұрғындары қошеметпен қарсы алды.

Ақсақалды қалаға кіреберісте облыстық «Дәстүр» қолөнер орталығының қызметкерлері мен дәстүрлі өнер және этнопедагогика орталығының қызметкерлері, сондай-ақ жедел жәрдем бригадасы қарсы алды.

Дәрігерлер қашықтыққа қарамастан ақсақал өзін жақсы сезінетінін айтты.

«Қызылордаға алғаш келуім. Күн жылы, адамдар қонақжай. Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында құрметпен қабылдады. Облыстық «Дәстүр» қолөнер орталығының, дәстүрлі өнер және этнопедагогика орталығының қызметкерлері БАҚ өкілдерімен, мәдениет қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Түркістаннан арнайы келген қолөнерші ақсақал Пахраддин қарсы алды. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды», – дейді марафоншы.

Сәрсенбай Қотырашов кездесуге қатысушыларға сапарының мақсатын айтып берді.

«Қызылордаға барар жолда 100-ге жуық адамды кездестірдім, арасында кейбіреуі ғана Ұлытаудың тарихы, қымыз мерекесі туралы біледі екен. Оларға Ұлытау жайлы біраз әңгіме айттым. Сегіз қолөнершінің телефон нөмірін жазып алдым. Сапарымның соңына дейін олардың саны кем дегенде 1000-ға жетеді деп үміттенемін», – дейді ақсақал.

Айта кетейік, Сәрсенбай Қотырашов 31 наурызда жолға шықты. Оның мақсаты – еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарын Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен таныстыру, сондай-ақ қолөнершілермен кездесу. Ол Қызылордадан Түркістанға, одан әрі Шымкентке, Таразға, содан кейін бүкіл ел арқылы Ақтауға жетуді жоспарлап отыр. Ақасақал қарашаға дейін Қазақстанның бүкіл өңірін аралауды көздеп отыр.

Тегтер: жаңалыққарияСәрсенбай Қотырашов

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамның аузы бармайтын сөздерді айтып хайуан болды! – Дариға Бадықова

Біз ұялмаймыз!

Қазақпыз ба, мазақпыз ба?

Жұмбақ жігіт

Жоғалып кетіппін ғой...

Сабағыш сабаз

«Крыша» ма, крыса ма?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»