Шымкенттегі қарттар үйінде қариялар үйленіп, той жасады
Шымкенттегі қарттар үйінде қариялар үйленіп, той жасады
©tengrinews.kя
493
оқылды

Шымкенттегі қарттар үйінде қариялар үйлену тойын өткізді. Бұл туралы Otyrar.kz. хабарлады.

Қарттар сол жерде танысқан екен. Ер адам қарттар үйіне 2012 жылы келген. Ол балаларына салмақ салмайын деп осындай шешім қабылдаған. Сөйтіп, зейнетақысын немерелеріне беріп, көмектесіп тұрады. Қарияның жақындарына деген өкпесі жоқ, тек олардың жиірек телефон шалғанын қалайды. "Көрген кезден-ақ "бірге тұрайық" дедім. Әрине, бірден келіспеді, өзі таңданып қалды.  Алған бетімнен қайтпайтын жанмын. Ойға алғанымды іске асырдым. Қазір қасымда, бір-бірімізге көмектесіп тұрамыз. Басқа не қалды? Бірге өмір сүріп, бір-бірімізді құрметтейміз.  Кейде балаларыма барып тұрамын, немерелерім көп. Балам келіп тұрады. Ешкімге ренжімеймін, әркімнің өз өмірі бар", – дейді ер адам.