LRT ісі: он күдіктінің үшеуі іздестіріліп жатыр
LRT ісі: он күдіктінің үшеуі іздестіріліп жатыр
©zakon.kz
304
оқылды
Нұр-Сұлтандағы LRT ісі бойынша тергеу шаралары аяқталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Қылмыстық тергеу аяқталды. Енді қылмыстық іс материалдарымен танысамыз. Қылмыскерлерді іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Келтірілген шығын – 5,7 миллиард теңге», – деді Жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов. Оның айтуынша, осы іс бойынша 10 күдікті бар. Олардың үшеуі әлі іздестіріліп жатыр. «Іс материалдарымен танысып жатыр, осыдан кейін іс сотқа жолданып, сот отырысы ашық тәртіпте өтеді», – деді Перов. Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне LRT ісі бойынша тергеуді аяқтауды тапсырған болатын.