«AMANAT» партиясы «Халыққа көмек» жобасы аясында 2 млн теңге мөлшерінде 100-ден аса мұқтаж отбасыға азық-түлік және материалдық көмек көрсетті.
«AMANAT» партиясының Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының филиалдарына әлеуметтік аз қамтылған, жұмыссыз тұрғындар жағдайларын айтып, азық-түлік және қаржылай көмек көрсетуді сұрады.
Тұрғындардан түскен өтініш партия өкілдерін бей-жай қалдырмады.
«AMANAT» партиясы облыстық, қалалық, аудандық филиалы төрағаларының бірініші орынбасарлары, мәслихат депутаттары және демеушілермен хабарласып, көмек көрсететіндіктерін жеткізген.
Сөйтіп, келіп түскен өтініштер нәтижесінде жалпы құны 2 млн теңгеге 100-ден аса мұқтаж отбасыға азық-түлік және материалдық көмек көрсетілді. Тұрғындар өз тарапынан партия өкілдеріне шексіз алғыстарын білдірді.