"Қазгидромет" синоптиктері 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.
Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз өңірдің шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с артады.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, өңірдің орталығында күші 15-20 м/с артады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с ұлғаяды.
Күндіз Қарағанды облысының батысында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с артады.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде жылдамдығы15-20 м/с құрайды.