Қызылорда облысының Жалағаш ауданы тұсындағы Сырдария өзені жағалауынан белгісіз ер азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Inform.kz.
«Мәйіт ұзақ уақыт суда жатып қалған. Осыған байланысты табылған мәйіттің жеке басын анықтау үшін тиісті сот сараптамасы тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректерін жария етуге жол берілмейді», - деп мәлім етті департаменттен.
Әлеуметтік желіде табылған мәйіт белгілі кәсіпкер Тынымбай Баженовтің денесі болуы мүмкін екені айтылуда.