«Ақылы» қызмет көрсеткен
«Ақылы» қызмет көрсеткен
306
оқылды
Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау об­лысы бойынша департа­менті мүгедектігі бар адам­дардан пара алып келген мекеме басшысы мен бөлім басшысын қол­ға түсірді. Атап айтқанда, құзырлы орган қызметкерлерінің құры­ғына Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау об­лыстық департаментінің бас­шысы және осы ведомство­ның бөлім басшысы ілінген. Олар мүмкіндігі шектеулі жан­дардан мүгедектікті растайтын құжатты кедергісіз ұзарту үшін 30 мыңнан 70 мың теңгеге де­йін пара алып келген екен. Қа­зір күдіктілер тергелуде.