Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы
Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы
671
оқылды
Елордада «Ұлттық ғашықтар күні» қарсаңында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі комиссия мүшелері студенттермен «Жа­ңа Қазақстан: отбасылық және адамгершілік құн­ды­лықтарды нығайту» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге Президент жа­нын­дағы Әйелдер істері және от­басылық-демографиялық сая­сат жөніндегі Ұлттық ко­мис­сия төрағасының орынбасары Салтанат Тұрсынбекова, қала­лық мәслихат депутаты Назгүл Мақжан, «Қазақ қызы» ҚБ төра­ғасы Қарақат Әбден және Л.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Назарбаев уни­верситетінің 1-2-курс сту­дент­тері, балалар үйінің тәрбие­ленушілері қатысты. «Бақытты отбасылық өмір бір­ден бола салмайды, үлкен ең­бекті талап етеді. Отбасын құ­ру көп уақытты, күш пен энер­­гияны қажет етеді. Бұл – адам өмірін­дегі ең маңызды қа­дам­дардың бірі», – деді қа­лалық мәслихат депутаты Назгүл Мақжан. Сонымен қатар «Әйелдер көш­басшылығы» жұмыс тобы­ның мүшесі продюсер Айгүл Мүкей, қалалық Әйелдер істері және отбасылық-демогра­­фиялық саясат жөніндегі ко­мис­сия­ның хатшысы Қар­лығаш Сар­кенова бақытты отбасы­лық өмірдің құ­пия­ларымен бөлісті. Комиссия мүшелері студент­тер­мен еркін форматта әңгіме өр­бітіп, сту­денттерді толғандырған сұ­рақ­тарға жауап берді. Кездесу со­ңында «От­басы мекені» жо­басының бел­сенді қатысушы­ла­рына Нұр-Сұлтан қаласы әкі­мі­нің орын­басары Берік Жәке­новтің аты­нан алғысхат табыс етілді.

Н.ҚҰРАЛБАЕВА