Стратегиялық серіктестікті нығайтуға назар аударды
Стратегиялық серіктестікті нығайтуға назар аударды
148
оқылды
Мемлекет басшысы Қазақстанның ҚХР-дағы жаңадан тағайындалған ел­шісі  Шахрат Нұрышевты қабылдады. Әңгімелесу барысында Президент Қытай Халық Республикасымен арадағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесіне назар аударды. Жоғары деңгейдегі келісімдерді, соның ішінде Мемлекет басшысының биылғы ақпан айында Пекинге жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру қажет екеніне баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзиттік ықпалдастықты, экономиканың маңызды секторларындағы серпінді инвестициялық жобаларды дамытудың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы байланыстарды нығайтудың маңызды екенін атап өтті. Халықаралық және өңірлік деңгейдегі, соның ішінде ШЫҰ, АӨСШК алаңдарындағы байланыстарды нығайту мәселелері де жаңадан тағайындалған елшінің жұмысындағы маңызды бағыттардың қатарына қосылды.