Оразаның уақытында ерлі-зайыптыларға жақындасуға бола ма?

Оразаның уақытында ерлі-зайыптыларға жақындасуға бола ма?

Алматы қаласындағы «Орбита-3» мешітінің бас имамы Жанболат Сапашов mihrab.kz ақпарат көзінің студиясында «Рамазан айында әйеліңмен жақындасуға бола ма?» деген сауалға жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, Ислам шартына сәйкес Рамазан айында жақындасуға болады, бірақ ораза уақытында – таңғы уақыттан кешкі уақытқа дейін болмайды. Яғни, ауыз берік кезде нәпсінің барлық түріне тоқтам болуы тиіс. «Бұл қадамға біле тұра барғандар, біріншіден күнәға батады, яғни бұл дұрыс емес болып есептеледі. Екіншіден, ораза кезінде жақындасқан ерлі-зайыптылардың екеуіне де кәффарат міндет болады. Кәффарат дегеніміз – алпыс күн бойы арасын үзбей ораза ұстау. Бұл әлгі әрекеттің жазасы болып есептеледі. Демек, жазасының өзі ауыр», - деп түсіндірді дін өкілі.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от MIHRAB.kz | Ресми (@mihrab.kz)