Қай колледжге қанша грант бөлінгені 30 сәуірде жарияланады
Қай колледжге қанша грант бөлінгені 30 сәуірде жарияланады
Сурет: sasint
276
оқылды
2022 жылы өңірлердегі кәсіпкерліктерге 20 мың грант бөлуді жоспарлап отырмыз. Олар өзіне керек маманды қай оқу орнында оқытқысы келетінін өзі шешеді, деп мәлімдеді БҒМ техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова. Бұл туралы Informburo.kz сайты хабарлады. 
"Биыл колледждерге мемлекеттік тапсырыспен 125 мың грант бөлініп отыр. Жастар үшін мүмкіндік жоғары. Біздің басты мақсатымыз сапалы кадрлар даярлау. Осы бөлінген гранттың арқасында ең алдымен өңірлер бойынша кадр тапшылығы мәселесі шешіледі. Мемлекеттік тапсырыс негізінен металлургия, ақпараттық технологиялар сынды технологиялық мамандықтарға бөлініп отыр. Мұнымен қатар, бізде үнемі сұраныстағы қонақ үй, азық-түлікпен қамтамасыз ету, туризм, сынды мамандықтарға беріледі", – деді Насымжан Оспанова.
Оқушылар таңдай алатын колледждер мен мамандықтар тізімі 30 сәуір күні жарияланады. Ал тізімді жұмыс берушілер, кәсіпкерлік басқармалар, жұмыспен қамту орталығы, білім беру орталықтары, өңірлік кәсіпкерлік палаталар және кәсіпкерлер бірлесіп ұсынады. Мұнымен қатар, Насымжан Оспанова ерекше қажеттілігі бар балаларға колледжде білім алуға жағдай жасау мәселесіне тоқталды.
"125 мың грант бұл ерекше қажеттілігі бар балалар үшін де жақсы мүмкіндік. Бүгінгі таңда біз бұл балаларға арнап арнайы білім бағдарламаларын әзірлеп жатырмыз. Бұйрық, бағдарламалар тек пандуспен шектелмеуі тиіс. Кең дәліз, санитарлық бөлме және тактильді жабынды және тағы басқа қажет", – деді департамент директоры.
Департамент басшысының мәліметінше, биыл әр өңірдегі кәсіпкерліктерге 20 мың грант бөлу жоспарланып отыр. Осы кәсіпкерліктерге өзіне керек маманды қай колледжде оқытуды өзі шешеді. Өздері оқу орындарының тізімін беріп, кейін тәжірибе жұмысын ұйымдастырады.
"Бұл бизнес пен өндіріс үшін тамаша мүмкіндік", – деді Насымжан Оспанова.