Нұр-Сұлтан қаласында күн райының жылынуына байланысты 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады.
Нұр-Сұлтанда «Қаланың жылу беру маусымын дайындау және өткізу қағидаларының» 42-тармағына сәйкес сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан жоғары болған кезде күнтізбелік 5 күн ішінде елорданың жергілікті атқарушы органы жылыту маусымын аяқтау жөнінде шешім қабылдайды.
Осыған байланысты бесінші күн 17 сәуірге түсетінін ескерсек, 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады.