Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды
237
оқылды
Ташкентте көркем гимнастикадан өтіп жатқан Әлем кубогы өз мәресіне жетіп қалды. Соңғы күні Қазақстан командасы топтық жаттығуларда тағы да бір медаль жеңіп алды.
  Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қазақстандық команда доп/лента жаттығуында күміс және құрсаумен жаттығуда қола медаль ұтып алды. Қазақстан құрамасы сапында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мырзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай өнер көрсетті. Айта кетелік, кеше біздің спортшылар көпсайыста қола медаль жеңіп алды.